$ 441.66  475.14  4.86

Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы жағынан әлемде небәрі 64-орында

Британдық OpenSignal компаниясы әлем елдерінің мобильді интернет жылдамдығына қатысты жаңа рейтинг түзді. Тізім интернеті аса жылдам елден басталып, ең баяуымен қорытындыланған.

Ұйым сарапшылары түзген рейтингке сенсек, 3G және 4G интернеттерінің жалпы жылдамдығы жағынан Оңтүстік Корея бірінші орында тұр. Аталған ел тұрғындарының барлығына жуығы мобильді инетрент қолданатынын да айта кету керек. Ал, рейтингтің келесі сатыларына тиісінше Сингапур, Венгрия, Австралия және Дания жайғасқан. Үздік ондыққа сондай-ақ, Норвегия, Нидерланды, Литва, Жапония және Швеция елдері кіреді.

Қазақстан болса небәрі 64-ші орында. Біз Аргентинадан бір саты төмен және Тунистен бір саты жоғары орналасқанбыз. Рейтинг комапнияның ресми сайтында жарияланды.

Ал, соңғы 94-ші және 95-ші орындарға тиісінше Коста-Рика мен Ауғанстан орналасқан. Бұл елдерде мобильді интернет тым баяу жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары