$ 443.44  480.51  4.88

Алматыда "Барахолка" тағы өртеніп жатыр

Алматының бұрынғы "Барахолка" базарында тағы да өрт шықты. Қызыл жалын шамамен 3 мың шақырымдай аумақты қамтыған. Бірнеше сағат бұрын басталған өртті ауыздықтау әлі мүмкін болмай отыр деп жазады Tengrinews.kz.

"Оқиға орнында 110 өрт сөндіруші мен 30 техника жұмыс істеуде. Оқиғаға үшінші деңгейлі қауіптілік бағасы беріліп отыр. Яғни, қауіптілігі аса жоғары. Сондықтан, оқиға орнында өрт сөндіруге қажетті жағдайдың бәрі жасалған", - дейді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Айта кетейік, соңғы 2-3 жылда дәл осы "Барахолка" базарында үлкенді-кішілі бірнеше өрт шығып, саудагерлерді миллиондаған шығынға батырған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары