Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook-тегі парақшасында Қызылорда облысындағы қолдан жасалып жатқан қылмыстық істерді әшкерелеп жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгер Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ешқандай тікелей айғақтық зат жоқ адамды төрт айдан бері үй қамақта ұстап отырғанын жазған.
"Қолдан қылмыстық іс жасап ақша табатын формадағылар!
Қызылорда облысы Шиелі ауданын да қолдан жасалып жатқан қылмыстық істерді біртіндеп салайын. Астананы күтіп едім, шақырып тыңдайтын шығар деп, оларға төменгі жақта не болып жатқаны қызық емес ау!?
Ал болып жатқан заңсыздықтарды халық көрсін! Кейбір формадағылардан сақ болсын!
Ауылына он жыл келмеген жігітке қылмыстық іс ашып, істі сотқа жіберген. Қылмыстық іс құжаттарымен толық таныстым. Шок болдым, ешқандай тікелей айғақтық зат жоқ адамды төрт айдан бері үй қамақта ұстап отыр!
Видеоны соңына дейін тыңдаңыздар, жемқорлық пен сыбайластық ұштасқан жерде заң жүрмейтініне көзіңіз толық жетеді.
Қызылорда облысынан түсіп жатқан шағымдар өте көп, күнде біреуін салып отырайын. Біліп отырыңыздар кейбір формадағылар қызымет бабын қалай пайдаланатынын!", - деп жазды заңгер.