$ 498.51  522.84  4.81

Жаяу жүргіншілер көпірінен секірмек болған адамды 21 жастағы жігіт құтқарып қалды (ВИДЕО)

Ол шамамен бес минут бойы қолайлы сәтті күтіп отырған.

Алматыда белгісіз ер адам жаяу жүргіншілер көпірінен секірмек болған. Куәгерлер, жүргізушілер мен полиция қызметкерін елемеген ер адамды 21 жастағы жігіт құтқарып қалды. Ол өрмекші адам тәрізді жылдам қимылдап бірден ер адамның жанына жеткен. Tengrinews.kz тілшісі жас құтқарушыдан болған оқиғаның егжей-тегжейін анықтады.

10 наурыз күні түстен кейін Рысқұлов даңғылындағы Шемякин көшесі маңындағы жаяу жүргіншілер өткелі үстінде отырған белгісіз адам көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер назарын аудартты. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына адамдар тобы жиналып, кейінірек полиция қызметкерлері келді.

Рысқұлов көшесі бойында екі бағытқа да көлік қозғалысы қиындап, даңғылда кептеліс пайда болды. Әуежайдан үйіне қайтып келе жатқан Алматы тұрғыны Самат Әнет те көлік кептелісінде қалып қойған. Жігіт ойланбастан көліктен шығып, баспалдақпен көпір үстіне одан әрі, көпір үстіндегі доға тәрізді темірге өрмелеп шыққан.

"Үйге қайтар жолда көпір маңындағы адамдар тобын көріп тоқтадық. Ешкім оны түсіруге тырыспады. Бәрі видеоға түсіріп, бақылап тұрды. Сондықтан оны құтқаруға кірістім. Мені көріп қоймас үшін басқа жаққа қарағанын күтіп, көпір үстіне өрмелеп шықтым", - деді Самат.

Ол шамамен бес минут бойы қолайлы сәтті күтіп отырған. Кейін ыңғайлы уақытты пайдаланып ер адамды өз-өзіне қол жұмсаудан құтқарып қалды.

"Мен жоғарыға өрмелеген сәтте төмендегі адамдар оны жерге түсуге көндіруге тырысты. Кейін ол темір бойына жатқан сәтті пайдаланып, оны ұстап алдым. Ол шамамен 30 жастағы ер адам. Үстінен ішімдік иісі шықпады", - деді Самат Анет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары