Jusan Bank пен ATFBank акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында ATFBank пен Jusan Bank-ті біріктіру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz.
АТФBанктің Jusan банкіне қосылу процесін осы жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.
ATFBank-ті Jusan Bank-пен біріктіруге рұқсат алу туралы тиісті құжаттар ҚР Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігіне заңнамада белгіленген мерзімде жолданады.
«Екі банкті біріктіру барысында АТФBанктің барлық филиалдары мен қызметтері толықтай Jusan банкіне өткенге дейін әдеттегідей жұмыс істей береді», - деп түсіндірді АТФБанк Басқармасының төрағасы Ғалия Маханова.