$ 448.15  483.46  4.86

БҚО-да жантүршігерлік ірі жол апаты болды

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ниссан» жүргізушісі түрлі жарақат алды.

Батыс Қазақстан облысында бірнеше автокөлік соқтығысып, жүргізуші жарақат алды, деп хабарлайды paryz.kz БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ниссан» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі басып озамын деп, «КамАЗ» автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Содан кейін «Ауди» және «Тойота» автокөліктерімен түйіскен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ниссан» жүргізушісі түрлі жарақат алды. Миы шайқалған жүргізуші Бөрлі аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Оған қоса иық сүйегі сынған, қос тізесінен жарақат алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты #БҚО