$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысындағы елді мекендер ауыз суға жарымай отыр

Ауылды ауыз сумен қамтуға 10 жылда бюджеттен екі рет қаражат бөлінген.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Түркістан облысындағы Шақпақ ауылын ауыз сумен қамтуға 10 жылда бюджеттен екі рет қаражат бөлінген. Бірақ миллиондардың қайырын халық көре алмай келеді. Халқы талайдан ауыз судың азабын тартып жүр, деп хабарлайды astanatv.kz.

Шақпақтықтар екі күн сайын тайлы-тұяғы қалмай көше күзетеді. Өйтпесе әкімдік есебінен әкелінетін судан құр қалады. Оның өзі бес шақырым жердегі өзеннен алынатынын айтады. Бұған да кейде қолдары жетпей қалатынын көрінеді. 

Аудан атқамінерлері ауыз суға бөлінген қаражаттың қайыры болмауын жер асты суының тартылып кетуімен байланыстырды. Барлау жұмыстары дұрыс жүргізілмесе керек. Соған қарамастан биылдан қалмай Шақпақтың мәселесін шешеміз деп отыр. 

«Биылғы жылға 17 млн-ға қазір осы сәуір айының басында скважина қазуға жұмыс басталады. Сөйтіп ол биылғы жылы ескі су жүйесіменен халыққа берілетін болады. Ал енді келесі жылға толық реконструкция дейді қайта қалпына келтіру бойынша қайта құрылыс жұмыстары жүргізіледі», - деді Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағлатбек Жанғазиев.

Шенділер Бәйдібек ауданындағы 52 елдімекеннің 11-інде ауыз су өзекті екенін жасырмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары