$ 494.87  520.65  4.91

Алматы әкімдігі тұрғындарға жағдайды ушықтырмау керектігін ескертті

Залда шамамен 120 адам болған.

Алматыда мониторингтік топ 120 адамға арналған үйлену тойын тоқтатты. Тұрғындарды санитарлық нормаларды сақтауға шақырады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы әкімдікке сілтеме жасап. 

Алматы қаласындағы мониторингтік топ қарқынды жұмыс істеуде. Қалада санитарлық талаптардың сақталуын тексеретін 32 мониторингтік топ бар.

20.03.2021 ж. Достық даңғылы 52/2 мекен-жайы бойынша Қазақстан қонақ үйінің «Гранд Палас» залында үйлену тойы өткізілгені анықталды. Залда шамамен 120 адам болған. 

Алматы қаласының әкімдігі эпидемиологиялық ахуал тұрғысынан қаланың «қызыл аймақта» тұрғанын еске салады. Өткен тәулікте мегаполисте коронавирустық инфекция бойынша оң ПТР бар 437 науқас анықталды. Бұл соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткіш. 

Қалада эпидемияның таралуы күн сайын артып келеді. Коронавирустық жағдайды одан әрі ушықтырмас үшін, тұрғындарға вирусқа қарсы ережелерді қатаң сақтаудың маңыздылығын еске саламыз. 

Атап айтқанда, қоғамдық шараны ұйымдастырып және оған қатысудан аулақ болу. Азаматтар, әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар, сондай-ақ 65 жастан асқан қарт адамдар өте сақ болуға және қарым-қатынастан аулақ болуы шарт.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары