2019 жылы 7 кандидат арасынан 70,76 пайыз дауыс жинап, айқын басымдықпен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент болып сайланғанына екі жыл болды, деп жазады Skifnews.kz ақпарттық порталы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының осы уақыт аралығында іске асырған маңызды қадамдарының бірі – жер мәселесі. Ол өзінің «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында жер мәселесіне қатысты нақты ұстанымын айтқан болатын. «Жерге байланысты бәріміз айқын білетін және бұлжымайтын ақиқат – қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны әр азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет. Келесі жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізіп, халықтың игілігіне жарату – өте маңызды мәселе. Сондықтан, биыл Жер мәселесі жөніндегі комиссияны құрып, соның аясында бір байламға келген жөн», - деп атап өтті Тоқаев.
Жалпы Мемлекет басшысының қазақ елінің даму жолын көрсететін бағдарламасы іспетттес «Тәуелсіздің бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылып, кейіннен Жолдауға айналған, жалпы көтеріп жүрген дүниелерінің барлығы сарапшылар мен халықтың қолдауына ие болып келеді.
Мәселен, қоғам қайраткері әрі Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибек Мемлекет басшысының екі жыл ішінде өте көп дүние жасағанын айтады.
«Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ҚР Президенті болып таққа отырғанына екі жыл толды. Екі жылда жаңа әрі ауқымды реформаларды жүргізе бастады. Сонымен қатар, өзінің Мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы жолдауында да өте өзекті мәселелерді көтере білді. Қоғамдық кеңес, "Естуші мемлекет", цифрландыру, ұстаздар мен дәрігерлердің жалақысын көтеру секілді бүгінде халықтың жаппай қолдауына ие болып жатқан дүниелердің барлығы да сол жолдауда айтылған мәселер екені белгілі. Менің бір риза болатыным, Тоқаевтың барлық шешіміне ешкім қарсы болған жоқ. "Мына бастамаңыз дұрыс емес!»- деген сөзді еш жерден естіген емеспін.
Мысалы, жаңа айтып өткенімдей, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін айталық.
Жұрт оны жаңа институт ретінде жылы қабылдады.
Екіншіден Президент барлық шешімін халықтың талап-тілегін ескере отырып, сол халықтың өкілі болған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің өтініші бойынша жасауда.
Бір нәрсені баса ескеруіміз керек, Қасым Жомарт Кемелұлы Президентік таққа отырғанда, еліміз аса бір қиын жағдайға тап келді. Ол - әлемді жайлаған пандемия. Құдайға шүкір, сол қиын өткенде елді аман алып өтіп келеді.
«Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу», «Игілік баршаға!» атты сайлауалды бағдарламасында жолға қойған бастамаларын атқарып жатыр.
Бес жылға жоспарланған бағдарламаның қазірдің өзінде біразы еңсерілді деп есептеймін. Енді халқымыз оның қызығын көре бастайды. Көріп те жатыр. Бір Ұлттық кеңесінің өтінішімен тоғыз жаңа заң қабылданды. Бұл үлкен дүние. Халықты қатты алаңдатқан Жер туралы заңға енгізіліп жатқан өзгерісті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік дәуіріндегі ең зор тарих шешім деп атаған дұрыс.
Сосын, мынау ауылды көркейту туралы тапсырмасы. 3500 ауылды жаңа талапқа сай жаңғыртамыз деді. Және оны алысқа созбай, 2025 жылға дейін орындап болуды тапсырды.
«Баспана» деген бас ауыру бар тағы. Бұрын баспана тек қалаларда ғана салынып келсе, енді ауылды жерлерге де тұрғын үйлер тұрғызылатын болды. Компаниялар ауылға баспана саламыз десе, оның шығынының 50% Үкімет төлеп беретін болды. Өте ақылды шешім бұл. Демек, ауылды жерлерге жаңа халық орналасып, жаңа баспаналарға ие болады деген сөз.
Aуыл әкімдерін сайлауды бастап жатырмыз, бұл реформа бірте-бірте аудан, облыс әкімдерін сайлауға дейін жалғасады деп сенем. Себебі, Президент мемлекеттік басқару жүйесін өзгерту туралы үнемі айтып келеді. Парламенттік оппозицияның қалыптасуы мен ауыл әкімдерін сайлау - сол үлкен реформаның алғашқы басқышы екені белгілі.
Парламенттік оппозиция дегенде еске түседі, Мәжіліс сайлауынан кейін үкімет отставкаға кетті. Кейін жаңа үкімет жасақталды. Қайтадан Асқар Маминның кандитатурасын Елбасы ұсынды. Парламентке келгенде «Ақ Жол» партиясының депутаттары түгел қарсы дауыс берді. Бұл Қазақстан Парламентінің соңғы жиырма, жиырма бес жылдық тарихында болмаған оқиға. Бір фракцияның депутаттары үкіметтің кандитатурасына қарсы дауыс беруі, бұл да біздің демократияға қадам басқанымыз", - дейді ол.
«Оппозицияның, міне, шындығында ақырындап орныға бастау үлкен жаңалық пен жақсылықтың көрінісі. Бұдан ары депуттарға ілесіп, халықтың да саяси мәдениеті жоғары деңгейге көтеріле береді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы жай кісі емес, әлемдік саясатта орны бар тұлға. Жаңа мемлекет құрудың басы-қасында жүрген басшы. Және көп тіл білетін, сол арқылы халықаралық ауқымды өзі жіті бақылап отыратын қабылетке ие ғалым.
Сондықтан, біз ол кісіге көмектесуіміз, бір жағынан шығысуымыз керек. Жоспарға алған реформаларын толық жүзеге асыруына мүмкіндік бергеніміз дұрыс. Бізге ешкім ештеңке жасап бермейді. Мемлекетке бір жақтан біреу келіп демократияны орнатып береді, экономиканы дұрыстап жібереді дегеннің барлығы бос сөз. Ол уақыттың талабына сай, ақырындап қалыптасатын нәрсе.
Тездеп ілгері кеткен көрші мемлекеттерді де көрдік, мысалы демократияның аралшасы аталған Парламентаризмге көшкен Қырғызстан қазір қайтадан авторитарлық жүйеге бет бұрып жатыр.
Біз ақырындап, біртіндеп даму жолымен келе жатырмыз, (Алып қадаммен( жасалған реформалардың баянды болғаны жоқ. Президенттің «Байсалды реформа» дегені өте дұрыс қадам деп санаймын.
Қазақстан сыртқы саясатта көп векторлы бағытты ұстанды. Жоғарыда да айтылды, Қасым-Жомарт Тоқаев сол саясаттың негізін қалаған кісі. Мен қазаққа Алланың осындай басшы сыйлағанына қатты ризамын, шүкір деймін!»- деді қоғам қайраткері.