$ 442.05  474.14  4.74

Түркістан облысында көлік жылқыны соғып, бір үйдің үш адамы ажал құшты (ВИДЕО)

Полицейлердің айтуынша, көлік жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Шымкент қалалық ауруханасына жеткізілген.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қайтыс болғандар – бір отбасының мүшесі.

Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға 3 сәуір кешкі сағат 20:30 шамасында Самара – Шымкент тас жолы бойында болған. Шымкент тұрғыны "Tayota Camry 50" маркалы көлігімен Түркістаннан Шымкентке қарай келе жатқанда жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қағып кеткен.

"Жол апаты салдарынан ерлі-зайыптылар мен бір жасөспірім, яғни олардың немересі қайтыс болды. Ал көліктің жүргізушісі түрлі жарақатпен Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Ол қаза болған ерлі-зайыптының күйеу баласы", – деп хабарлады полиция.

Аталған жайтты Ордабасы аудандық полиция бөлімі қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркеуге алды.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары