$ 442.05  474.14  4.74

Ақтауда 6 жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдікті ақыры қолға түсті. Бұл жайында Tengrinews.kz хабарлап отыр.

Кеше полицейлер дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалған күдікті ер азаматты қолға түсірді. Зәбір көрген сәби осы дүкеннен жоғалып кеткен болатын.

Тәртіп сақшылары күдіктіні Ақтаудағы құрылыс нысандарының бірінен ұстаған.

"Қазіргі таңда ұсталған ер азаматтың аталған қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайтын бірқатар тексерулер жүргізіліп жатыр. Тергеудің құпиялығына байланысты өзге ақпараттар айтылмайды", - дейді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева.

Естеріңізге салайық, аталған оқиға 20 тамыз күні Ақтаудағы №1 шағынауданында орын алған болатын. Дүкенде апасының жанында болған 6 жасар қызды белгісіз ер азамат ұрлап кетіп, саяжайға апарып зорлаған. Қызды аса ауыр халде полицейлер тауып алды. Оның жағдайы әлі де ауыр, қазір жансақтау бөлімінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары