Италияның орталығында болған жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 22 адамға жетіп, тағы 100-ден астам тұрғын із-түссіз жоғалғандар қатарында. Бұл туралы La Repubblica газеті хабарлады.
Табиңи апаттан зардап шеккен Аматриче қаласында үйлер мен жолдар және көпірлер де қирап қалған. Елдімекен таулы аймақта орналасқандықтан құтқарушылардың оқиға орнына жетуіне және еркін жұмыс істеуіне кедергілер келіп жатыр.
Жергілікті Қызыл крест ұйымының өкілдері болса газ құбырының тесіліп, ауаға көгілдір отынның тарап жатқанын айтып дабыл қағуда.
Еске салайық, қуаттылығы 6,2 балл болатын жерасты дүмпуі 24 тамыз күні түнгі сағат 3:36-да орын алды. Дүмпу эпицентрі Римнен солтүстік-шығысқа қарай 113 шақырым қашықтықта орналасқан. Зілзаланы Италия астанасы мен тағы бірнеше қаланың тұрғындары сезген.
Аматриче қаласынан бөлек Аккумоли, Поста және Аркуата дель-Тронто қалалары зардап шекті.