Жантүршігерлік сурет әлеуметтік желіде тарап кетті. Полиция істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған суретте итті сабаған таяқ қан болып кеткені көрсетілген. Сонымен қатар, өлгенше сабалған ит жатыр. Еріктілердің сөзінше, жануардың қабырғалары сынған болуы мүмкін.
"Итті иесі таяқпен өлгенше сабаған. Артынша иттің аяқтарын байлап, қақпаның артындағы арқанға байлап, лақтырып жіберген. Оған көршілері куә. Олар иттің иесі оны өлгенше сабағанын өз көзімен көріп, естіді", - делінген жазбада.
Алматы қаласының Полиция департаментінің өкілдері болған оқиға туралы ит иесінің көршісі хабарлаған.
"Іс Қылмыстық кодекстің 316 бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бостандық аудандық полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы қажет процессуалдық әрекеттерді жасады. Іс жүргізу барысында істің мән-жайы анықталып, шаралар қолданылады", - деді Алматы қаласы ПД өкілдері.