$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда жан түршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмып, үшеуі ауыр халде жатыр

Жарақат алғандар аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Олардың біреуін дәрігерлер әзер дегенде өлім аузынан алып қалғанын айтуда.

Жан түршігерлік жол көлік оқиғасы Бесағаш ауылына баратын трассаның бойында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Carina E автокөлігі осы жол бойымен батыс бағытқа қарай кетіп бара жатқан екен. Әуежайға жақындаған тұста көліктің алдыңғы дөңгелегі жарылып, ол жол шетіне қарай бірнеше рет аударылған.

Апат салдарынан төрт адам зардап шекті: көлікте болған қыз бала оқиға орнында көз жұмса, үш жолаушы қазір аса ауыр халде аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың біреуін өлім аузынан алып қалған көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары