$ 447.4  477.55  4.76

Екінші дозаны салу мерзімін кімнің ұзартқаны белгілі болды

Олар вакцинаның екінші компонентін кемі 21 күнде, ұзағанда 90 күнде салу керектігін айтып, арнайы хат жолдаған.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой екпенің екінші дозасын салу мерзімі неге ұзарғанын түсіндірді. Айтуынша, ресейлік «Спутник Ви» вакцинасын әзірлеген институт ғалымдары осындай тоқтамға келген, деп жазады 24.kz.

Олар вакцинаның екінші компонентін кемі 21 күнде, ұзағанда 90 күнде салу керектігін айтып, арнайы хат жолдаған. Біздің министрлік сол хатқа сүйене отырып, 45 күнді белгілеуді дұрыс деп шешкен. Бірақ егер екпенің екінші дозасын 21 күннен кейін салдырамын дейтіндер болса, онда рұқсат.

"Біз 45 күн деп белгілегенді дұрыс деп шештік. Егер отандастарымыз бір жарым ай күткісі келмесе, емханаға жүгініп, 21 күннен кейін екпенің екінші дозасын салыдра алады. Оған ешқандай қарсылық жоқ", - дейді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары