$ 498.55  524.28  4.75

Астанадағы мектеп-лицейдің мұғалімінен туберкулез анықталды

Астанадағы №15 мектеп-лицейдің мұғалімі туберкулезбен ауырып қалған. Оның науқас екені тамыз айында анықталыпты. Бұл туралы ата-аналар дереу құлағдар болып, мұғаліммен байланысқан оқушылардың барлығына Манту екпесі егілген. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Ата-аналар қазір балаларының денсаулығына алаңдаулы.

"Балам үйге келіп, біздің мұғалім ауырып қалды дейді. Мен не айтарымды білмей қалдым. Кез-келген ата-ана баласы туберкулезбен ауыратын адаммен байланысса уайымдайды. Балалардың барлығының иммунитеті жоғары емес қой. Әлсіздері бар", - дейді ата-аналардың бірі.

Мектеп басшылығы тарих пәнінің мұғалімі ауырып қалғанын айтып отыр. Ол 5, 6 және 7-сынып оқушыларына сабақ берген. Қазіргі таңда елуге жуық оқушы тексеруден өтуде.

"Өзге барлық мұғалім тексеруден өтті, бәрінің медициналық анықтамалары бар, өкпелері таза. Ал, 5, 6 және 7-ші сынып оқушыларына Манту екпесі егілді", - дейді №15 мектеп лицей директорының орынбасары Жанна Мұқанова.

Дәрігерлер болса науқастанып қалған мұғалімнің ауруы емделетін түрге жататынын айтуда. Жақын уақытта тарих пәнінің ұстазы ауруханадан шығып, мектепке қайта оралады. Алайда, емделудің бір курсы жарты жылды құрайды екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары