$ 494.87  520.65  4.91

Қызылағаштағы жедел жәрдем көмекке велосипедпен барады

Фельдшердің айтуынша, тіпті кей дәрілерді де өздері сатып алады екен.

Алматы облысы Ақсу ауданына қарасты Қызылағаш ауылдық округінде жедел жәрдем қызметі кейбір шақыртуларға көлікпен емес, велосипедпен барады. Мұндай көріністі ауыл тұрғындары видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Видеода жедел жәрдем фельдшері шақырылған жерге велосипедпен келіп, науқасқа медициналық көмегін көрсетіп жатқан сәті түсірілген.  

Бейнежазба авторы фельдшердің дәрі-дәрмекке арналған қобдишасын ашып, ішіндегі керек-жарақты тізіп шықты.

«Мұнда дене қызуын өлшейтін құралы, препараттар, шприц бар екен. Жалпы алғашқы медициналық көмекке қажеттінің бәрі қамтылған. Бірақ жедел жәрдемнің мынадай велосипедпен келгені біртүрлі болды», - дейді автор.

Өз кезегінде жедел жәрдем қызметкері науқастың жағдайы ауыр болған кезде, көлікпен баратынын айтты. 

«Ондай кездерде көлік жалдап барамыз немесе өздері жібереді. Кейбір корвалол сияқты дәрілерді, нашатыр спиртін өзіміз сатып аламыз. Кейбірін науқастар өздері сатып алады», - дейді фельдшер.

Бұл мәселеге қатысты Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«ҚР ДСМ бұйрықтарына сәйкес Қызылағаш ауылында жедел жәрдем қызметінің 1 бригадасы (4 фельдшер, 4 жүргізуші) жұмыс істейді. 103 пультіне келіп түскен шақырту 4-санатқа жататындықтан, тиісті мекен-жайға фельдшер жіберіліп, ол 30 минут ішінде нормаға сәйкес қызмет көрсетті. Фельдшер пациенттің өміріне қауіп төндіретін жағдайды анықтайтын болса, сол жерге жедел және шұғыл көмек бригадасын шақырады, ол пациентті стационарға жеткізеді. 2020 жылы пандемия кезінде облыстың амбулаториялары мобильді бригадаларға қызмет көрсету және 4 санат бойынша қоңырау шалу үшін Дамас автомобильдерімен жарақтандырылды», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары