Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson & Johnson және Moderna дәрі-дәрмектерімен екпе алғандар ғана Сауд Арабияға қажылыққа бара алады. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson & Johnson және Moderna вакциналарымен вакциналанған шетелдіктер қажылыққа бара алады, деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
Отандық QazVac, ресейлік Sputnik V немесе қытайлық Хаят-Вакспен егілген қазақстандықтар Сауд Арабиясына қажылыққа бара алмайды.
Сондай-ақ, Сауд Арабиясының билігі қажылардың елге тікелей рейстермен келуін талап етті. Қазақстан мен Арабия арасында тікелей рейс жоқ.
Orda.kz редакциясы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына хабарласып, «қазақстандықтар биыл мүлде қажылыққа бара алмай қалуы мүмкін» деген жауап алды. Мәселе әлі де талқыланады.
Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сұраққа алдағы уақытта жауап береміз деді.
2021 жылы қажылық 17 шілдеде басталады. Олар санитарлық нормалар мен барлық шектеуші ережелерді сақтай отырып, оны жүзеге асыруға ниетті. Әзірге қанша адам қажылыққа бара алатындығы белгісіз. Егжей-тегжейлі және елдегі басқа талаптар туралы кейінірек хабарланады.
2020 жылы Сауд Арабиясының билігі шетелдіктерді қажылыққа кіргізбеді. Тек жергілікті мұсылмандар ғана Мекке мен Мединеге қажылыққа қатыса алды.