$ 494.87  520.65  4.91

Эфириум биткойнді басып озуы мүмкін

Қазір бұл валютаның нарықтық капиталы 250 млрд долларды құрайды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Өткен аптада ғана биткойн инвесторлары 14 млрд доллардан артық ақша жоғалтты. Бұрын-соңды мұндай шығын тіркелмеген, деп жазады Хабар 24.

Glassnode мамандары жүргізген сараптамаға сай биткоинның кіріс әмияны 76 процентке азайды. Әсіресе қытайлық майнерлердің өзі күмәнмен қарап келген криптовалютаны шамадан көп алып қойған. Игерілген капитал рекордтық 377 млрд доллардан 7 млрд долларға бірақ түсті. Ағымдағы нарықтық капиталдың, яғни 700 млрд доллардың 65 млрд-ы игерілмей қалған. 

Ал былтырғы наурыздағы шығын 44%, 2018 жылы 114% болды. Фьючерс нарығындағы қызығушылық 16,4 млрд долларға, яғни 60%-ке азайды. 

«Голдман Сакс» сарапшыларының айтуынша, эфириум осы биткойннан озып кетуі мүмкін. Қазір бұл валютаның нарықтық капиталы 250 млрд долларды құрайды. Биткойнның үлесі 660 млрд доллардан асқан. Дегенмен, соңғы апталарда бағаның 50 процентке дейін төмендеп кеткені өз алдына, желілік ұйымдастырушылар бұрын-соңды болмаған шығынға батты. 
Енді кеше Илон Маск солтүстік американдық майнерлермен кездескенін хабарлай сала биткойн қайтадан қымбаттай жөнелді. Қазір оның құны 40 мың долларға жуықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары