$ 443.37  474.49  4.83

Сириялық содыр суретке түсемін деп қаруластарын жарып жіберді (ВИДЕО)

Сириялық еркін әскер жауынгері (сириялық оппозициялық топ) өзі мен қаруластарын суретке (селфи) түсіремін деп, жарылып кетті. Қайғылы жайт түсірілген видеороликті The Daily Mail басылымы өзінің ресми сайтында жариялады.

Жауынгердің суретке түсірмек болған телефоны жарылғыш затқа жалғанғаны кейін анықталды. Содырлар сол телефонның көмегімен лаңкестік оқиға жасамақ болған. Алайда, қазған орларына өздері түсіп қалды.

Жауынгерлердің жарылыстан кейінгі жағдайы белгісіз. Белгілісі, оларды бейнетаспаға жазған камера зақымданбаған. Соған қарағанда, жарылғыш заттың күші де аса қуатты болмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары