$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда жүк көлігі самокат теуіп жүрген қызды қағып, мерт қылды

Тиісті сараптамалар жасалады.

Алматы қаласында самокат теуіп жүрген қыз бала жүк көлігінің астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінде бұл оқиғаның 4 маусым күні Алатау ауданының Ақсу көшесінде тіркелгенін мәлім етті.

«Аталған факт сот алды тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлімі (Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік ережелерін бұзу) бойынша тіркелді. Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының қызметкерлері оқиғаны тергеуге кірісті. Тиісті сараптамалар жасалады», - деп атап өтті полиция департаментінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары