$ 443.85  474.3  4.8

Хайп қуған тиктокерлер қабір ашып жатыр (ВИДЕО)

Сонымен қатар ол қабірді ашып, оның ішінде не бар екенін көрсететінін де мәлімдейді.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Өзбекстанда жас жігіттің қабірді қазып жатқан видеосы тарады. "ТикТок" әлеуметтік желісінде тараған видео адамдардың ашуын туғызған, деп жазады Paryz.kz, upl.uz-ға сілтеме жасап.

Видеода жігіттің 1955 жылы туып, 1995 жылы қайтыс болған А.П есімді ер адамның қабірін қазғаны байқалады. Видео авторы "26 жылдық қабірді" ашатынын айтады. Сонымен қатар ол қабірді ашып, оның ішінде не бар екенін көрсететінін де мәлімдейді.

Ал екінші видеоны біраз уақыттан соң салатынын жеткізген. Қазіргі уақытта бұл оқиғаның қай жерде болғаны туралы нақты мәлемет жоқ. Құқық қорғау органдары бұл жайлы ақпарат бермеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қабір #хайп