Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарып отырған Шавкат Мирзиеев Жиззақ қаласының әкімі мен Жиззақ облысына қарасты бірнеше аудан басшыларын қызметінен босатты. Бұл туралы ел президентінің ресми сайтында хабарланған.
Мирзиеев 16 қыркүйек күні аймақтарда әлеуметтік-экономикалық реформалардың орындалу барысымен танысу үшін Жиззақ облысына барған болатын. "Сол күні Жиззақ қаласы халық депутаттарының сессиясы өтті. Жиын барысында жұмыстағы кемшіліктері үшін қала әкімі Асрор Кобилов қызметінен босатылды. Мирзиеевтің ұсынысымен жаңа әкім болып Абдукаххар Тухтаев тағайындалды", - делінген аталған хабарламада.
Сондай-ақ, жұмысын тиісті деңгейде орындамағаны үшін Жиззақ покуроры мен бірнеше аудан әкімі жұмыссыз қалды. Олардың оындарына жаңа шенеуніктер тағайындалған.
Айта кетейік, 18 қыркүйек күні Мирзиеев Ташкентте жылыту маусымына дайындықты тексерген болатын. Жиын барысында Мырза-Ұлықбек ауданының әкімі сынға ұшырап, ақыры жұмысынан қуылды. Сондай-ақ, аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Саидакбар Пулатов та қызметінен кетті.