$ 444.22  476.38  4.82

Меркеде цистерна жарылып, үш адам жарақат алды (ВИДЕО)

Жамбыл облысының Мерке ауданында темір жол цистернасы жарылып, үш адам зардап шекті деп хабарлайды Informburo.kz. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген бейнекадрларды әлеуметтік желілерде жариялауда.

ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов төтенше жайттың орын алғанын растап отыр. Оның айтуынша, жарылыс пен өрт Мерке станциясында орын алған.

"22 қыркүйек күні кешкі сағат 18:30-да Мерке ауданының Мерке ауылында мұнай базасының аумағында мұнай өнімдерін құю кезінде 60 тонналық бір цистерна мен 50 текше метрлік екі резервуарда өрт шықты. Жалын жапсарлас орналасқан ғимараттың шатырына өтіп, 200 шаршы метр аумақ өртенді", - деді Р.Иманқұлов.

Тілсіз жау кешкі сағат 19:50-де ауыздықталған. Денесін өрт шалған үш адам ауруханаға жеткізіліпті.

Естеріңізге салайық, бір айдай уақыт бұрын Шымкенттегі мұнай базасында да темір жол цистернасы өртенген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео