$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда бойжеткен қыз 7 қабаттан секіріп қайтыс болды

Төтенше жағдай бүгін сағат 14:00 шамасында "Жетісу-2" шағынауданында орын алған деп жазады Informburo.kz. Алдын ала болжам бойынша, бойжеткен өзіне қол салған. Куәгерлер оқиға болмастан бұрын айғай-шу естігенін айтып отыр.

"Мен сол маңнан өтіп бара жатқан кезде ол қыздың жылаған дауысын естідім, кейін "тоқтат" деп айқайлады. Артынша жерге тас түскендей дыбыс шықты. Подъезден үш бала жүгіріп шықты, әбден қорқып қалған. Біреуі жылап тұрды, жұрттар інісі дейді. Ал, қыздың кім екенін білмеймін", - дейді осы аулада тұратын тұрғындардың бірі.

Куәгерлер жедел жәрдем шақырғанымен, бойжеткен оқиға орнында қайтыс болған. Қазір полиция болған жайттың себеп-салдарын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары