$ 449.58  486.94  4.86

ОҚО-да 4 адамның өмірін жалмаған жол апатында қалыңдық қыз қайтыс болмаған

Күні кеше Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ташкент тас жолының бойында орын алған соңғы жол апатына қатысты жаңа деректер пайда болды. Бұған дейін ГАЗель жүк көлігіне соғысқан Mercedes-Benz автокөлігінде тойға асыққан 4 адамның қайтыс болғаны, марқұмдардың арасында күйеу жігіт пен қалыңдықтың болғаны хабарланған еді. Полицейлердің мәліметінше, көз жұмған 4 жолаушының арасында қалыңдық қыз жоқ.

Апаттан кейін анықталғандай, осы оқиға салдарынан өз тойына асыққан күйеу жігіт, оның екі қарындасы және жолдас баласы қайтыс болған. Күйеуге шыққалы жатқан бойжеткен қыз өзге көлікте болған көрінеді. Ол дін-аман деп жазады Tengrinews.kz.

"Қалыңдық өз туыстарымен басқа көлікте болған. Ол зардап шеккен жоқ. Mercedes-Benz көлігін тізгіндеген күйеу жігіт болса ауруханаға барар жолда көз жұмды. Оқиға орнында оның 1993 және 1997 жылы туған екі қарындасы мен 1993 жылғы жолдас баласы қайтыс болған", - делінген ІІД таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 4 адамның өмірін жалмаған жол көлік оқиғасы Қаратас ауылының маңында орын алған болатын. Шымкенттен Қазығұрт ауылына қарай бет алған жеңіл көлік жол шетінде тоқтап тұрған ГАЗель көлігіне соқтығысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары