Оңтүстікқазақстандық полицейлер 15 жастағы Айда Абдусаматоваға іздеу салды. Полицейлерге оның 22 жастағы туған әпкесі арызданып келген. Апалы-сіңлі екі қыз облыс орталығына Сарыағаш ауданынан базар аралау мақсатында келіпті.
Әпкесінің айтуынша, 13 қыркүйек күні 15 жастағы сіңлісін ертіп ол Шымкенттегі «Алаш» базарына келген. Кешкі бес жарымдар шамасында Айда белгісіз бағытқа кетіп, сол күйі оралмапты.
Қазіргі таңда оңтүстікқазақстадық полицейлер қаланың барлық аумағын іздеп жатыр. Алайда, нәтижесіз.
Із-түссіз жоғалған жасөспірімнің белгілері: бойы 155-160 см, орта денелі, шашы – қара, көзі – қара түсті. Қоңыр-сары түсті кеудеше, қара түсті спорттық шалбар, жазғы аяқ киім киген.
Ерекше белгілер: Ішінің оң жақ төменгі тұсында отадан қалған (аппендицит) тыртығы бар.
Жоғалған 2001 ж.т. Абдусаматова Айда Даниярқызының жүрген жері туралы қандай-да бір ақпарат білетіндер болса полицейге хабарлауын сұрайды. Тел.: 102 немесе 8-771-883-30-13.