$ 498.34  519.72  4.85

Орал-Атырау тас жолында ірі жол апатынан 5 адам қайтыс болды (ВИДЕО)

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Орал-Атырау тас жолында жеңіл көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 5 адам көз жұмды. Апат кезінде көліктер өртеніп кеткен деп жазады Informburo.kz.

Оқиғаны куәгерлер бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады. ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов та болған жайтты растап отыр.

"25 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 20:00-де Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында Орал-Атырау тас жолының 208-210 шақырымында Mercedes жеңіл көлігінің ГАЗель жүк көлігімен соқтығысуы орын алды. Апат салдарынан екі көлік те өртеніп кеткен. Екі жүргізуші мен Mercedes көлігінде болған үш жолаушы түгел қайтыс болды", – деді Р.Иманқұлов.

Оқиға орнына тәртіп сақшыларынан бөлек құтқарушылар, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі келіп жұмыс істеген.

Естеріңізге салайық, кешегі апта Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ташкент тас жолында да Mercedes көлігі мен ГАЗель жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан төрт адам қайтыс болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары