$ 494.87  520.65  4.91

Томирис Байсафаның өліміне қатысты апелляциялық шағым Мәскеу сотына түсті

Бірақ сот апелляция қай күні қаралатыны туралы хабарламады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс бойынша апелляциялық шағым Мәскеу сотына келіп түсті, деп хабарлайды ЭК.

Томиристің анасы Жанна Ахметова Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидовке байланысты Никулин аудандық сотының үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді. Бұл ақпаратты соттың баспасөз қызметі растады.

"Мәскеудің Никулин аудандық сотына жәбірленушіден және мемлекеттік айыптаушылардан апелляциялық шағымдар түсті", — делінген Мәскеу сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бірақ сот апелляция қай күні қаралатыны туралы хабарламады.

Айта кетейік, 8 маусымда қазақ қызы Томирис Байсафаның өлімі бойынша басты күдіктіні Мәскеудегі алқа билер соты ақтап жіберген болатын. Бұл процесс оффлайн форматта, бірде-бір журналистің қатысуынсыз өткен еді. Осы сот отырысының алдында Жанна Ахметова Инстаграмдағы парақшасында соттың әділ өтпей жатқанын мәлімдеп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған еді.

Кейіннен анасы істі қарау барысында бірқатар кемшіліктерге жол берілгенін айтып, прокуратура өз тарапынан апелляцияға міндетті түрде шағым түсіреміз деп мәлімдеді.

Еске салсақ, 2018 жылдың 13 сәуірінде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 4-курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда оқу орнының төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен еді. Бірнеше ота жасалғанымен, ол есін жимастан сол жылдың 3 мамырында қайтыс болды. Томиристің туыстары оның өзіне-өзі қол салғанына сенбейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары