Тараз тұрғыны «Ақтөс» қаңғыбас жануарларды қорғау қорына хабарласып, сұмдық жағдайды баяндаған. Оның айтуынша, жергілікті қаңғыбас итті зорлаған, деп хабарлайды Stan.kz.
«Біздің үйдің ауласында жап-жақсы ит паналайтын. Тіпті, оаған ыңғайлы болсын деп гараждың артын кішкене үйшік жасап бердік. Екі апта бұрын гараж жақтан қатты дауысты естідік. Барсақ қаңғысбас-зоофилдің итті зорлап жатқанын көрдік. Біз оны қуып жіберуге қана тырысқанымызбен, күніге кешке келіп алады. Ал таңертең итке қарауға қорқасыз. Біз учаскелік полиция қызметкерін шақырдық, бірақ келмейді. Сонымен қатар, учаскелік полиция қызметкері итті атып тастаймын деп қорқытты», — деген жергілікті тұрғынның жанайқайын қоғамдық қор Instagram парақшасында жариялады.
Құқық қорғау органдары бұл жарияланымға жауап беріп, инспекторлар профилактикалық шаралар, аулаларды аралау және гараждарды тексеру жүргізгенін хабарлады.
«Аталған әкімшілік учаскеде полицияның күндізгі және түнгі нарядтары күшейтілді. Жануарларға қатыгездік фактісі анықталған жоқ. Бұл факт бойынша нақты дәлелдер мен куәгерлер жоқ», — деді жергілікті тәртіп сақшылары.
«Ақтөс» қорының еріктілері полиция бұл іс бойынша жұмыс істеп жатқан жоқ деп санайды.
«Ит зорланған. Оны көрген адамдар бар. Бірақ жаман ештеңе болған жоқ. Үйсіз адам басқа ит тауып, оны да зорлайды, содан кейін балаларға көшеді. Ештеңе етпейді. Өмір жалғасуда», - дейді құзырлы органдардың қимылсыз отырғандарына күйінген қор еріктілері.