$ 443.85  474.3  4.8

Мәскеуде нөсер жауыннан соң көшелер мен метро станциясын су басты

Күшті жел бірнеше талды, жарнама бағандарын құлатып, дүкен терезелерін сындырды.

Ресей астанасы Мәскеу қаласына нөсер жауын жауып, көшелер мен метро станциясын су басты, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Күшті жел бірнеше талды, жарнама бағандарын құлатып, дүкен терезелерін сындырды.

«Осы уақытта Мәскеудің бірнеше көшесін су басқаны белгілі. Осы себепті көлік байланысы қиындады. Сондай-ақ «Ясенево» метросын да су басып, пойыздар тек «Теплый стан» мен «Новоясенево» арқылы ғана қатынауда»,-деді агенттіктің дереккөзі.

Бұған қоса, күшті жел бірнеше талды, жарнама бағандарын құлатып, дүкендердің әйнектерін зақымдады. Жазғы дәмханаға келушілерді сыртқа шығаруға тура келді.

«Щелководағы сауда орталығының шатырын жел көтеріп кетті. Зардап шеккендер жоқ»,-деді ол.

Сонымен қатар, Новокосинода құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйдің жылытқыш материалдарн жел ұшырып әкетті. Сондай-ақ Новоясеневск даңғылындағы «Калита» сауда үйі мен GreenPark тұрғын үйін су басты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары