Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Ресейдегі ресми өкілі Мелита Вуйнович коронавирустың "дельта-плюс" штамы локдаунның тағы бір толқынын тудыруы мүмкін деп мәлімдеді, - деп хабарлайды РБК.
"Вакцинацияға қоса маска режимі, өйткені "дельтаға" вакцина жеткіліксіз. Қазір қысқа уақыт ішінде осыған күш салу керек, әйтпесе локдаун", - деді Вуйнович "Соловьев Live" YouTube-арнасының эфирінде.
Оның айтуынша, вакцинация қажет. Өйткені ол вирустың таралуын және аурудың ауыр өту мүмкіндігін азайтады.
"Тек ұжымдық иммунитет пен вирустың тарауын тежеу. Бұл тіпті азайту (вирустың тарауын - ескерт.) үшін қосымша шаралар қажет болады дегенді білдіреді", - деді ДДҰ өкілі.
"Дельта" штамы көп жасушаға әсер етеді. Адам көп адамға жұқтыруы мүмкін және өте тез. ... Әлі шыңы болған жоқ, вирус жылдам тарап барады", - деп қорытындылады ол.
Үндістанда "дельта" штамы былтыр қазанда табылған болатын. Штамм бүкіл әлемге таралды, оның ішінде ол Қазақстанда да анықталды. 20 маусымда Үндістан билігі "дельта-плюс" деп аталатын "дельта" штамының мутациясы анықталғанын хабарлады. Жаңа штамм бұрынғыға қарағанда тез таралады. Сондай-ақ, ғалымдар "дельта-плюс" антиденелер жасаған қорғанысты жеңе алатынын мойындады.