$ 444.22  476.38  4.82

Жалғас Жұмағұлов UFС-дегі үшінші жекпе-жегі алдында салмақ өлшеуден өтті

Екінші кездесуінде шведциялық Амир Альбазиден (14-1) жеңіліп қалған болатын.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (13-5) келесі кездесуі алдында салмақ өлшеуден өтті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Tiger V - Бортовой автомобиль
Машина предназначена для транспортировки сырья и строительных материалов...

trucks.faw.ru
Реклама
Скрыть рекламу:
Жекпе-жек жексенбі, 11 шілде күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC 264 турнирінде өтеді. Отандасымыздың қарсыласы америкалық Джером Ривейра (10-5) болады. 

Осы кездесудің алдында бүгін Жалғас Жұмағұлов салмақ өлшеді. Arlan MMA Pro Teamкомандасының Instagram парақшасындағы ақпарат бойынша, ол салмақтан сәтті өткен. 

Айта кетейік, бұл Жұмағұловтың UFC ұйымындағы үшінші кездесуі. Ол бірінші кездесуінде бразилиялық Раулиан Пайвадан (20-3), екінші кездесуінде шведциялық Амир Альбазиден (14-1) жеңіліп қалған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#UFC #Жалғас