Синоптиктер жексенбі, яғни 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оңтүстік-каспий циклоны республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райына өз ықпалын тигізеді, найзағаймен жаңбыр, еліміздің орталық, солтүстік-батыс және шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек ҚР оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша кей жерлерде дауыл, бұршақ болып, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік батыста шаңды дауыл болады», - делінген «Қазгидромет» РМҚ хабарламасында.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ жауады, желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, Алматы облысында бұршақ жауады.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұршақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз дауыл, бұршақ жауады.
Күндіз Ақмола, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Атырау облысында қатты ыстық сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау,Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.