$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда тауда табылған турист әлі жансақтау бөлімінде жатыр

Әлия Камиеваны құтқарушылар 8 шілде күні ес-түссіз жатқан жерінен құтқарушылар тапқан еді.

Алматыда тауда табылған турист Әлия Камиева әлі жансақтау бөлімінде жатыр.

38 жастағы әйел 5 шілде күні тауға жалғыз шығып, жоғалып кеткен еді. Оны іздеуге құтқарушылар мен еріктілер шығып, 8 шілдеде Үлкен Алматы көлі аумағында ес-түссіз жатқан жерінен тапты.

Тікұшақ арқылы таудан түсірілген әйел 6 күннен бері жансақтау бөлімінде жатыр. 

"Науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Оның денсаулығында ешқандай оң өзгеріс байқалмайды. Тауда денесі үсімеген, бірақ аяғында жарақаттары болды. Алғашында есеңгіреген күйде болған, әлі сол қалпы. Жағдайы тұрақты ауыр, қауіпті деп бағалануда. Оң өзгерістер жоқ",- деді №7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары