$ 444.22  476.38  4.82

«Әзірге алауды кім жағатыны белгісіз»: Токиода Олимпиада алауының эстафетасы аяқталды

Эстафетаның соңғы бөлігі 9 шілдеде басталып, 15 күнге созылды.

Жапонияда олимпиада алауы эстафетасының соңғы кезеңі аяқталды. Аталған оқиғаға қатысты салтанатты рәсім Токио мэриясы ғимаратының жанында өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Эстафетаның соңғы бөлігі 9 шілдеде басталып, 15 күнге созылды. Коронавирусты инфекцияның өршуіне байланысты алау эстафетасы көрермендердің қатысуынсыз, жабық режимде өтуде. Осыдан соң Олимпиада алауы ойынның ашылу салтанаты өтетін басты олимпиадалық аренаға жеткізіледі.

Әзірге алауды кім жағатыны белгісіз. Токио Олимпиадасы 23 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары