$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанға уақытша әкелінген көліктер 30 қыркүйекке дейін шығарылуы керек

Берілген уақыт ішінде талап орындалмаса, жеке тұлғалар салықты толық көлемде төлейді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғаларға шетелдерден уақытша әкелінген автокөліктерін ел аумағынан шығару керектігін ескертеді, деп хабарлайды ЭК.

Ведомства өкілдері берілген уақыт ішінде талап орындалмаса, жеке тұлғалар салықты толық көлемде төлейтінін айтады.

Осындай көлік құралдары бар тұлғалар көліктерін Одақтың кедендік аумағынан берілген уақыт ішінде шығаруын сұраймыз. Егер көліктер 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін экспортталмаса, кедендік төлемдер мен салықтарды толық көлемде төлейтін болады, — деді департамент өкілдері.

Айта кетейік, Департамент шетел мемлекеттерінен уақытша әкелінген автомобильдердің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу мерзімін 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзартқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары