28.07.2021, 11:20

Токио-2020: Серік Теміржанов Олимпиада ойындарымен қош айтысты

Жекпе-жекте Теміржанов 0:5 есебімен қарсыласқа жол беріп, Токио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады.

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Серік Теміржанов Токиодағы Олимпиада ойындарын аяқтады, деп жазады Olympic.kz.  57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Серік 1/8 финалда америкалық Дюк Реганмен кездескен болатын.  Жекпе-жекте Теміржанов 0:5 есебімен қарсыласқа жол беріп, Токио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады. 

Айта кетелік, бұған дейін Абылайхан Жүсіпов (69 келі) пен Василий Левит (91 келі) Токио Олимпиадасымен қоштасты.