$ 494.87  520.65  4.91

COVID-19-дың балаларда байқалатын ең негізгі белгісі қандай?

Зерттеу нәтижелері The Lancet ғылыми журналында жарияланған.
Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com

Лондондағы Корольдік колледж зерттеушілері балалардың жағдайын бақылап, олар ересектерге қарағанда вирустың ауыр белгілерін сезбейді деген қорытындыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz The Brussels Times басылымына сілтеме жасап.

Зерттеушілер 5-17 жас аралығындағы 250 мыңнан аса науқастың денсаулығы туралы күнделікті есептерді қарап шыққан.

Балаларда жиі кездесетін коронавирус белгілерінің ішінде бас ауруы (62,2 пайыз) және шаршау (55 пайыз) тіркелген. Балаларда тамақтың ауруы мен иіс сезудің жоғалуы (аносмия) сияқты басқа белгілер байқалмаған.

Зерттеулерге сәйкес, COVID-19-дан емделгеннен кейін байқалатын белгілер балалардың тек 4,4 пайызында анықталған екен. Аурудың орташа ұзақтығы алты күнге созылады.

Зерттеу нәтижелері The Lancet ғылыми журналында жарияланған.

Бұған дейін Назарбаев университетінің профессоры балалар коронавирусқа қалай шыдайтыны және ауру кезінде қандай асқынулар болуы мүмкін екені туралы айтып берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары