05.08.2021, 00:10

5 тамызда қазақстандық 13 спортшы жарыс жолына шығады

Фото: ашық дереккөз
Ертең боксшы Сәкен Бибосынов жартылай финалдағы кездесуін өткізеді.

5 тамызда Токио Олимпиадасының тоғыз спорт түрінен 13 қазақстандық сынға түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ертең боксшы Сәкен Бибосынов жартылай финалдағы кездесуін өткізеді. Ал балуан Нұрислам Санаев қола медаль үшін тартысқа түседі. Тағы бірнеше балуан жарыс жолына шығады. 

5 тамыздағы сайыстар (Нұр-Сұлтан уақытымен):

Жүзу. Марафон, 10 км. Финал 3:30. Виталий Худяков 

Жеңіл атлетика. Биікке секіру. Іріктеу 6:10. Надежда Дубовицкая, Кристина Овчинникова 

Әйелдер күресі, 53 келі. 1/8 финал 8:50. Татьяна Аманжол - Роксана Засина 

Еркін күрес. Ерлер. 1/8 финал 9:00. 74 кг. Данияр Қайсанов - Отогуро Кейсуке  9:00. 125 келі. Юсуп Батырмырзаев - Геннадий Чудинович

Каратэ. 67 келі. А тобы 9:45. 1-жекпе-жек. Дархан Асәділов - Эрай Самдан 10:15. 2-жекпе-жек. Дархан Асәділов - Фирдовси Фарзалиев  10:35. 3-жекпе-жек. Дархан Асәділов - Саго Наото 11:05. 4-жекпе-жек. Дархан Асәділов - Али Эль-Сави 

Бокс. 52 келі. 1/2 финал 11:48. Сәкен Бибосынов - Джалал Яфай

Тректегі велоспорт. Омниум - скрэтч 12:30. Артем Захаров 

Жеңіл атлетика. Спорттық жүріс. Финал 13:30. Георгий Шейко 

Заманауи бессайыс. Семсерлесу 13:30. Павел Ильяшенко

Каратэ. 55 келі. В тобы 14:00. 1-жекпе-жек. Мөлдір Жаңбырбай - Сайед Радва   14:25. 2-жекпе-жек. Мөлдір Жаңбырбай - Беттина Планк 14:45. 3-жекпе-жек. Мөлдір Жаңбырбай - Анжелика Терлюга 15:00. 4-жекпе-жек. Мөлдір Жаңбырбай - Михо Мияхара

Еркін күрес, 57 келі. 3-орын үшін 15:45. Нұрислам Санаев.

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Ал бүгін боксшы Қамшыбек Қоңқабаев та жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде алған.