$ 494.87  520.65  4.91

Вакцина алмағандарға тексеріс қашан басталады?

СЭҚД басшысының орынбасары Садвакас Байғабұлов қызметкерлердің ресми құжаты тексерілетінін айтты.

Қазақстанда 10 тамыздан бастап бірқатар сала қызметкерлерін міндетті вакциналау мерзімі аяқталады. Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті тексеріс қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Тексеріс 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүргізіледі. Бұл уақытта екінші компонент бойынша талап аяқталады. Оған дейін тексеріс алгоритмін жасау жоспарланған.

СЭҚД басшысының орынбасары Садвакас Байғабұлов қызметкерлердің ресми құжаты тексерілетінін айтты. 

"Вакцинация паспорты немесе вакцинаның бірінші компонентін алғаны туралы анықтама; соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілім туралы немесе COVID-19 жұқтырып, емделгені туралы анықтаман; вакцина алмаған жұмыскерлер үшін ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен анықтама (7 күнде 1 рет) тексеріледі", - деді Байғабылов.

Тәртіпбұзушылар үшін әкімшілік жауапкершілік ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша анықталады. Ол бойынша 30 АЕК-тен (жеке тұлғалар үшін 87 мың теңге) 1600 АЕК-ке дейін (ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 4,6 миллион теңге) жаза көзделген.

Бұған дейін Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойған болатын. Ол бойынша бірқатар нысан қызметкерлері 2021 жылдың 10 тамызына дейін коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін, ал 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін екінші компонентті алуы қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#вакцинация