$ 494.87  520.65  4.91

«Өзі вакцина алып, басқаларды өлімге итеріп жатыр» - Имашев шындықты айтты

Мен ешкімге " екпе алыңдар немесе алмаңдар" деуге хақым жоқ. "Мәжбүрлеуге қарсымын" дегенді "вакцинаға қарсымын" дегенмен синоним етіп қою қаншалық әділетті?
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Танымал айтыскер Балғынбек Имашев қазақстандық ақпарат таратушы сайт өкілдеріне ренішін білдірді.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазба арнады.

- Осылар қалай өтірік пен шындықты араластырып адамды жексұрын етіп қояды? 1. "Призывавший людей не вакцинироваться" дейді. Жала! Мен ешқашан екпе алмаңдар деген емеспін! Мен "мәжбүрлемеңдер" деп зарлап келемін! Адамның өз таңдауы болуы керек. Қорқытып, үркітіп, жұмыстан шығарып, айыппұл төлетіп, дискриминация жасап адамдардың конституциялық құқығын таптауға болмайды. Мен ешкімге " екпе алыңдар немесе алмаңдар" деуге хақым жоқ. "Мәжбүрлеуге қарсымын" дегенді "вакцинаға қарсымын" дегенмен синоним етіп қою қаншалық әділетті? 2. "Өзі вакцина алып, басқаларды өлімге итеріп жатыр" дегісі келетін сияқты. Мен балаларыма салдыруға қарсымын! Сонда бұл "балаларын өлімге қиып тұр" деген сөз емес қой. Вакцина алғандар да, алмағандар да өлім құшуы мүмкін. Ажал Алладан. Екпеден кейін ауырып, ажал құшқандардың жақындары ол өлімнің себебі екпеден екенін дәлелдей алмайды. 3. "Екпе алды" деген екпені өз еркімен алды деген сөз емес. Жол үстінде көп жүргендіктен, алыс-жақын шетелдерге көп сапарлайтын болған соң екпе жасаттым. Бірақ, оның пайдасын көрмедім, екпең болса да барған жерде пцр тест тапсыруға тура келеді. Алдағы уақытта Меккеге умра сапарына баруға ниетім бар. Алған Ресейлік екпеміз ең болмаса ол елге кіруге де жарамайтын болып шықты. 4. Қайталап айтамын! Әр адамның денсаулығы өзі үшін керек. Медициналық кез-келген әрекет пациенттің еркінен тыс, немесе туыстарының рұқсатынсыз болмау керек, екпені мәжбүрлеп салу дұрыс емес. Иммунитетті күшейтудің, аурумен күресудің жалғыз жолы вакцина емес! Ашық күнәні тоқтату, арсыздыққа жол бермеу - эпидемияны тоқтатады! Садақа беру - аурудан айықтырады! Тәуба жасап, Алладан кешірім сұрау - дертке шипа береді! Таза табиғи азықтар (бал, сүт, май т.б.) иммунитетті күшейтеді. Осының бәрін болмаса да бірін жасау бәрінің қолынан келеді! - деп жазды ол.

Oınet.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары