Алакөл ауданының Ақши ауылындағы кафелердің бірінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ПД мәліметіне сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдары мәліметінше, оқиға 16 тамызға қараған түні болған.
"Алакөл аудандық полиция бөлімі барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына жергілікті полиция инспекторы мен жедел-тергеу тобын жіберді. Күзетшілер келгеннен кейін дәмхана қызметкерлері арыз жазып, деректі растады.
Қазіргі уақытта жанжалға қатысушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлігі 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы туралы кейінірек хабарланады. Төбелес кезінде куәгерлер мен жәбірленушілер полицияға хабар түсірмеген", - делінген департамент хабарламасында.
Әлеуметтік желі қолданушылары жергілікті тұрғындар туристермен төбелескенін жазып жатыр. Жаппай төбелестің видеосы Facebook-тегі "Талдыкорганец" тобында жарияланды. Айта кету керек, бұл деректі полиция растаған жоқ.