$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ президенті Ауғанстандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Ол сонымен қатар америкалық сарбаздардан "басқа елдің азаматтық соғысына қатысуды" сұрамайтын жеткізді.
Фото: aa.com.tr/ru
Фото: aa.com.tr/ru

АҚШ президенті Джо Байден түнде Ауғанстандағы жағдай бойынша халыққа үндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Америка Құрама Штаттары президентінің сөзін РБК басылымы жариялады. Ол Ауғанстаннан әскерді шығару туралы шешімнің дұрыс болғанын, алайда жағдайдың өзі ойлағаннан да тез шиеленісіп кеткенін мойындады.

Байденнің айтуынша, Ауғанстанның саяси басшылығы биліктен бас тартып, қашып кеткен, ал қорғаныс саласының қызметкерлері "Талибан" (Қазақстанда және бірнеше елдерде тыйым салынған террористік топ) мүшелерімен соғысудан бас тартыпты.

АҚШ әскері ауғандықтардың өздері берілген ұрысына қатыспауы керек. Егер ауған әскері елін қорғай алмаса, АҚШ әскерінің елде тағы бір жыл болуы ештеңені өзгертпейді, деп түсіндірді АҚШ басшысы.

"Мен өз шешімімді толық қолдаймын (Ауғанстан аумағынан әскерді шығару туралы - ред.). Жиырма жылдан кейін мен өзімнің тәжірибемнен АҚШ әскерлерін шығару үшін ыңғайлы уақыт болмағанын білемін", - деді президент.

Ол сонымен қатар америкалық сарбаздардан "басқа елдің азаматтық соғысына қатысуды" сұрамайтын жеткізді. Алайда, Байденнің сөзінше, талибтер американдық әскерге шабуыл жасаған жағдайда, АҚШ міндетті түрде жауап береді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары