Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақмола облысының «Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысына қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Оған облыс кәсіпкерлерінен өз өкілеттігінің аясына кіретін шешім қабылдағаны үшін ірі мөлшерде пара алды деген күдік келтіріліп отыр.
«Биылғы жылдың 14 тамызында соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды»,-делінген хабарламада.