$ 444.22  476.38  4.82

Петропавлда жол апаты болып, жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті

Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі алкоголь қолданбаған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Петропавлда жол апаты болып, жедел жәрдем көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Stan.kz. 

Әлеуметтік желіде жанып жатқан жедел жәрдем көлігінің видеосы пайда болды.

Полицейлер хабарлағандай, 21 тамызда таңғы сағат 4:30 шамасында 1966 жылы туған ГАЗ автокөлігінің (жедел жәрдем) жүргізушісі рөлді басқара алмай, ағашқа соғылды.

"Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, ГАЗ көлігінің жүргізушісі алкоголь қолданбаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам жарақат алып, облыстық ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады полиция.

Апат фактісі бойынша материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының әкімшілік полиция бөліміне берілді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі апат салдарынан көліктің қозғалтқыш бөлігінде өрт шыққанын хабарлады.

Өрт қозғалтқыш бөлімі мен корпусына зақым келтірді. Көліктің салоны қираған. Петропавл қаласының 2-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдарының көмегімен көлік өрті сөндірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары