Алматы қаласы Алатау әкімдігі журналтсті әкімдік ғимаратынан неліктен шығарғандарын түсіндірді деп жазды BAQ. KZ.
"Хабар 24" телеарнасының журналисті А.Тәңірбергенмен болған оқиғаға байланысты Алатау ауданының әкімдігі келесіні хабарлады.
Қолданыстағы карантиндік шектеулерге байланысты Алатау ауданы әкімдігінің ғимаратына кіру шектелген және Ashyk қосымшасы бойынша жүзеге асырылады.
Журналист А.Тәңірберген оператормен бірге ғимаратқа қосымшадағы өз мәртебесін сканерлемей, турникеттің астымен өткен, бұл туралы тиісті бейнежазба бар.
БАҚ өкілдері күзет қызметі қызметкерлерінің ескертулеріне жауап бермей, жанжалды жағдайды туындатты, - делінген хабарламада.
Дегенмен, Алатау ауданының әкімдігі күзет қызметі қызметкерінің әрекетін қолайсыз екенін ресми түрде мәлімдеді.
Бұл әрекеттері үшін қызметтік тергеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижелері бойынша оларды жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылады. Сонымен қатар әкімдік БАҚ өкілдерімен конструктивті негізде жұмыс істеу үшін ашық және өз құзыреті шеңберінде қызығушылық танытқан ақпаратқа қол жеткізуге дайын екенін атап өтті. Аудан әкімі журналистерге сұхбат беруге дайын, - делінген хабарламада.
Айта кетсек, кеше желіде күзетшінің журналисті көтеріп, ғимараттан шығарып жіберген видеосы тараған еді.