$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы карантин қашан жеңілдейді?

Бұған дейін Қазақстанның қалған өңірлеріне 28 тамыздан бастап жеңілдіктер енгізу жоспарланғаны хабарланған болатын.

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты өңірлерде карантин жеңілдетіледі. Алайда Алматыда карантин шектеулері кеш жеңілдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) мәліметіне сілтеме жасап.

"Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматыда карантин шараларын жеңілдетуді демалыс күндері 4 қыркүйектен бастап, жұмыс күндері - 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарланған", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанның қалған өңірлеріне  28 тамыздан бастап жеңілдіктер енгізу жоспарланғаны хабарланған болатын. Ashyq-пен  жұмыс істейтін нысандарға демалыс күндері түн ортасына дейін, ал Ashyq "көшбасшыларына" түнгі екіге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін. 

Айта кетейік, Алматы коронавирустың таралуы бойынша "қоңыр-қызыл" аймақта.

Өткен тәулікте қалада коронавирустың 1590 жаңа жағдайы анықталғаны хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#карантин