$ 494.87  520.65  4.91

Тоқ ұрған жұмысшы электр бағанына ілініп қалды

59 жастағы жалдамалы жұмысшы электр бағанасына мініп, тоқты жөндеп жатқан кезде, тоқ соғып, қаза тапты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Атырауда электр бағанасына мініп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыны тоқ соғып, қаза тапты, деп хабарлайды ЭК.

Қайғылы оқиға 25 тамыз күні 14:30 шамасында қаладағы Нұрсая-3 мөлтекауданында болған. 59 жастағы жалдамалы жұмысшы электр бағанасына мініп, тоқты жөндеп жатқан кезде, тоқ соғып, қаза тапты. Мәйіті электр бағанасына ілініп тұрды.

— Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 156 (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды, — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ЭК осыған дейін Атырауда электр бағанасын жөндеуге келген екі электр маманы мінген кранның көтергіші құлап, салдарынан бір жұмысшы қаза тапқанын жазған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары