Жаңалықтар 26.08.2021 сағат 11:00

«Маған тек чемпиондық жекпе-жек керек, басқасы қызық емес!» Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарын айқасқа шақырды

Қазақстандық боксшы маусымда өткен кейінгі жекпе-жегінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантты мерзімінен бұрын жеңді.
«Маған тек чемпиондық жекпе-жек керек, басқасы қызық емес!» Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарын айқасқа шақырды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Орта самлақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) тағы да әлем чемпиондарын айқасқа шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

"Маған тек чемпиондық жекпе-жек керек, басқасы қызық емес! Мен WBO рейтингінде екінші орындамын. Мен кез келген чемпионды жеңемін. Жыл соңына дейін әлем чемпионы болуым керек. Маған титулы жоқ боксшылар керек емес. Мен осыған дейін бұрынғы әлем чемпионын жеңгенмін", - деп жазыпты Әлімханұлы Twitter-дегі парақшасында. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы маусымда өткен кейінгі жекпе-жегінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантты мерзімінен бұрын жеңді.

Жекпе-жектен кейін Әлімханұлы WBO-ның орта салмақтағы чемпионы америкалық Деметриус Андрадені айқасқа шақырып, жетінші-сегізінші раундта нокаутқа түсіруге уәде берді.

Айта кетейік, дивизиондағы басқа да чемпиондық атақтарға америкалық Джермалл Чарло (WBC), жапониялық Риота Мурата (WBA Super) және қазақстандық Геннадий Головкин (IBF және IBO) ие.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар